ӨТІП КЕТПЕЙ ЕРІНБЕЙ ОҚЫҢЫЗДАРШЫ😟
#Аракан #Мьянма Хэштегі арқылы басқа ақпараттарды көре аласыздар, өтіп кетпей тарата жүріңіздер. Аракан, Мьянма, Бирма дейтін жерлерде мұсылман бауырларымызды әйел демей, бала демей қырып жатыр, тірідей өртеп жатыр, мұсылмандарды азаптап өлтіріп жатыр,
Кішкентай балалардың денесін бөлшектеп тастаған, олардың не жазығы бар,недеген аянышты , әрі зұлым жайттар орын алуда. Аллам оларға жардем берсін. Жер бетіндегі әр мұсылман біздің бауырымыз, мұсылман бауырларымызды аяусыз, себепсіз қырып жатқанда неге үнсіз қаламыз, оларға көмек жардем беру міндетіміз, оларды дұғамызға қосқанымыздың өзі көмек, өтінем оларға амандық тілейікші. Біз мұнда Құрбан айтты тойлап, мәз мейрам болып жүрсек, олар ажал мен өмір арасында күресіп жүр, қанша жақындарынан айырылды, азапталып өліп жатыр, жаралы, балаларды қырып жатқанын көріп көзіме еріксіз жас келді, олар бейкүнә періштеғой, олардың не жазығы бар еді? Мұсылман бауырларымызға амандық берсін!!😞
Неше күннен бері мына сұмдық суреттерді көре алмай өтіп кетіп жүрмін. Көру мүмкін емес. Жаным шыдамайды.
Дәл Қасиетті Құрбан айт кезінде.. Мұсылмандар мерекені тойлап, мәре-сәре болып жатқанда, Мьянмада мұсылмандарды тірідей өртеп, әйел-балаға қарамай бәрін қырып жатыр. Ол суреттерді қоймай-ақ қояйыншы.. Қоя алмаймын😢 Тым ауыр😢 Хэштег арқылы өтсеңіздер, бәрін көре аласыздар #Аракан #Мьянма
Бір мұсылман бір нәрсе істесе болды, оны бүкіл әлем біледі. Ал, мына жерде кәдімгідей геноцид болып жатыр. Бірақ, ешкім үндемейді. Әлемде үн жоқ. Әрине, мұсылмандар адам емес. Оларды қыра беруге болады😢
Түркия президенті Ережеп Эрдоган Біріккен Ұлттар ұйымына мына сұмдық геноцидті тоқтатсын деп ресми жолдау жасады.
О, Аллаһ, жәрдеміңді бере гөр... Қолдан келгенше көмек болса кұр отырмаиық